«Халықаралық репродукциялық құқықтарды қорғаушы ұйымдардың федерациясы».

Бұл халықаралық ауқымда жұмыс жасайтын мәтіндік және графикалық туындылар көшірмесінің және басқа құқықтарды ұжымдық басқару мүмкіндігін ұлғайтатын тәуелсіз, коммерциялық емес  бірлестік.

IFRRO-ның мүшелігінде 85-тен астам елдердегі 150-ден астам мекеме бар.

Әлем бойынша миллиондаған авторлар, суретшілер және кітап, журнал, газет және ноталар жинағын шығарушы мекемелер IFRRO мүшелері болып табылады.

IFRRO мүшелері өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі болмаған жағдайда авторлар мен баспагерлер атынан әрекет етеді, авторлық құқығы қорғалған туындылардың қол жетімділігін қамтамасыз етеді және сол туындыларды көбейтіп басуға және әртүрлі мақсат бойынша цифрлық пайдалануға рұқсат береді.

Авторлық құқық саласы дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 4-6% құрайды. Олар көбінесе экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан секторы және жаңа жұмыс орындарын құруға маңызды үлес қосушылардың бірі болып табылады. Сондықтан олардың жұмысын дамытып, ынталандырып отыру маңызды мәселе.

2023 жылдың 8-ші  қазанында Рейкьявикте (Исландия) өткен Бас ассамблеяда РҚБ ҚазАҚ IFRRO мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылданды. Осы оқиғаны растайтын ресми хат 2023 жылдың 23 қазанында келді.