ҚазАҚ-тың құқықтық қызмет көрсететін бөлімі төмендегі міндеттерді атқарады:

  1. ҚазАҚ жұмысындағы заңдық тұрғыдағы істерді қамтамасыз етумен айналысады, қоғамның қызметіне қажет лицензиялық келісімдер мен өзге де шарттарды дайындайды. Нормативтік актілер мен нұсқаулықтардың жобасын жасайды.
  2. ҚазАҚ қызмет бабына байланысты халықаралық конвенцияларды, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерін, сондай-ақ авторлық құқықты қамтамасыз ету саласындағы тәжірибені зерттеп, үйреніп, оларды өзіміздің қызметімізде пайдалануға атсалысады.
  3. Авторлар мен құқықиелерінің бұзылған құқығын қалпына келтіруде құқықтық көмек көрсетеді.
  4. ҚазАҚ-тың аумақтық бөлімшелері мен тексеруші-уәкілдеріне заңдық жәрдем береді.
  5. ҚазАҚ басшылығының тапсыруы бойынша мемлекеттік мекемелердің, жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың, пайдаланушылар мен құқықиелерінің хаттарына, шағымдары мен ұсыныстарына жауап береді.
  6. Кез-келген категориядағы пайдаланушыларға тікелей түсіндіру жұмыстарымен, лицензиялық шартқа отырғызу шараларымен, талап ету, қуыну әрекеттерімен айналысады.
  7. Автор туындылары пайдаланылатын бүкіл салаларда құқық бұзушылықты анықтаудың, жазып алудың түрлері мен жолдарын ойластырып, оны ұйымдастырады.
  8. ҚазАҚ төрағасының тапсыруымен өкіл ретінде сотқа қатысады.
  9. Авторлық құқыққа қатысты мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес береді.
  10. Авторлар құқығын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік өкілетті органдар тарапынан жүргізілетін шараларға атсалысып, ҚазАқ өкілі ретінде олардың тексерістеріне қатысады.
  11. Туындыларды сақтауға алып, сақтауға алынғаны туралы куәлік береді.
  12. ҚазАҚ басшылығының тапсыруы бойынша өзге де міндеттерді атқарады.