Сұрақ‑жауап

Қазақстан авторлары қоғамы өзінің ұйымдасушылық-құқықтық формасы жағынан республикалық қоғамдық бірлестік болып, ал қызмет түріне байланысты – авторлардың мүліктік құқығын қорғаушы ұйым болып саналады. ҚазАҚ-ты 1997 жылы Қазақстанның шығармашылықпен айналысатын интеллигенция өкілдері өздерінің мүліктік құқығын басқарту және қорғату үшін құрған. ҚазАҚ-тың авторлардың мүліктік құқығын басқарушы ұйым ретіндегі атқарар жұмыстары ҚР-ның Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңында нақты көрсетілген, олар: авторлық құқық нысандарын пайдаланушыларға рұқсат беру, авторлық сыйақыларды жинау, бөлу және төлеу, авторлардың мүліктік құқығын қорғауға қатысты заңды шараларды жүзеге асыру. Қолданыстағы заңнама ережелері бойынша авторлардың мүліктік құқығын басқарумен тек қоғамдық мекеме, яғни авторлардың өз мекемесі ғана айналысуға хақысы бар. Олай болатын себебі – авторлық құқықтың авторлардың жеке құқығы екенінде.

Қазіргі таңда ҚазАҚ жазбаша жасалған келісім негізінде 2500-ден астам қазақстандық авторлар мен дүниежүзінің 138 елінің, оның ішінде АҚШ, Ресей, Англия, Франция, Жапония, Испания, Италия, т.б. бар, авторлар қоғамы мүшелерінің ҚР аумағындағы мүдделерін қорғайды. Сонымен қатар ҚазАҚ авторлардың мүліктік құқығын басқарушы ұйым ретінде ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 44 бабының негізінде барша авторлар туындыларын, яғни дүниежүзілілік репертуарды пайдалануға рұқсат бере алады және ондай лицензиядан авторлар өз туындыларын шығарып тастауды талап етіп, бұдан былай оның туындыларын пайдалануға рұқсат етуге тыйым салғанға дейін бере беруге хақысы бар. Әйтсе де, бүгінгі таңға дейін бірде-бір қазақстандық немесе шетелдік автор туындыларын пайдалануға рұқсат бермеу жөнінде өтініш білдірген емес. Демек, ҚазАҚ-пен лицензиялық шартқа отыру арқылы кезкелген шығарманы пайдалана аласыз. ҚазАҚ-пен лицензиялық келісімге қол қойып және онда көрсетілген шарттарды мүлтіксіз орындау автор туындыларын жария орындауға және ол үшін заңсыз пайдаланды деп жауапқа тартпауға толық негіз бола алады.

Лицензиялық келісім жасасу үшін пайдаланушы ҚазАҚ төрағасы атына поштамен яки факспен лицензиялық келісім жасасу туралы өтінішін және мекен-жайын, автор туындылары пайдаланылатын қызмет түрін көрсетіп өтініш жіберуі қажет.Өтінішпен бірге мынадай құжаттар қоса жіберілуге тиіс:

Заңды тұлғалар үшін: 1/ заңды тұлғаның тіркелуі жөніндегі мемлекеттік куәлік; 2/ стат картасының көшірмесі; 3/ жарғысының көшірмесі; 4/ РНН көшірмесі; 5/ кафе, ресторанға т.т. қатысты құқығын анықтайтын құжатының немесе жалдау шартының көшірмесі; 6/ егер келісімге сенім көрсетілген кісі қол қоятын болса, сенімхаттың және жеке куәлігінің көшірмесі.

Жеке кәсіпкерлер үшін: 1/ жеке кәсіпкердің тіркелу куәләгі; 2/ кәсіпкердің жеке куәлігінің көшірмесі; 3/ РНН көшірмесі; 4/ кафе, ресторанға т.т. қатысты құқығын анықтайтын құжатының немесе жалдау шартының көшірмесі; 5/ егер келісімге сенім көрсетілген кісі қол қоятын болса, сенімхаттың және жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталмыш құжаттар келіп түскесін, ҚазАҚ пайдаланушылар қол қойып қайтаруы үшін лицензиялық келісімнің екі данасын жібереді.

Келісім бойынша пайдаланушының /кафе, ресторан, т.т. иесінің/ негізгі екі міндеті бар: 1/ авторлардың сыйақысын төлеу және 2/ пайдаланылған туындылар туралы мәліметтер тапсыру.

Туындыларды жария орындауға байланысты төленетін сыйақы пайдаланушының одан табыс табатын яки таппайтынына, туындыларды орындаушының өзі орындайтынына немесе техникалық құралдар көмегімен /радио, муз. орталық, теледидар,т.б./ орындатынына қарамастан төленуге тиіс.

ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 16 бабындағы 3 тармақшада егер заңды түрде жарияланған туындының жекелеген даналары азаматтық айналымға сату арқылы түсірілген болса, онда оларды автордың рұқсатынсыз әрі сыйақы төлемей-ақ ары қарай тарата беруге болады деп көрсетілген. Заңның осы 16 бабы бойынша, тарату дегеніміз – түпнұсқаны немесе туындының жекелеген даналарын сату, жалға беру /прокат/. Заңның 2 бабы бойынша, туындының жекелеген данасы дегеніміз – туындының кез-келген заттық түрде дайындалған көшірмесі. Бұдан шығатын жәйт, егер пайдаланушы туындының заңды даналарын /мәселен, кітапты, туынды жазылған аудиотаспаны/ сатып алса, онда ол автордың рұқсатынсыз және сыйақы төлемей-ақ, ол даналарды қайта сатуға, біреуге сыйлауға, яғни өзінің меншігі болып табылатын туынды жазылған затты /кітапты, аудиотаспаны/ ары қарай тарата беруге хақылы.

Ал кафеде автор туындылары тарату /сату яки жалға беру/ жолымен емес, жария орындау жолымен қолданылады, сондықтан Заңның аталмыш талабы туындыны кафеде жария орындау жолымен пайдаланғаны үшін сыйақы төлеуден босатуға негіз болмайды.

Сонымен қатар, Заңның 6 бабының 5 тармағы бойынша авторлық құқық туынды жазылған материалдық заттың меншіктік құқығына еш қатысы жоқ. Егер пайдаланушы туынды жазылған материалдық затты /аудиотаспа, диск/ сатып алған болса, ондағы жазылған шығармаларды коммерциялық мақсатқа пайдалануына болады деген сөз емес. Туындыға деген авторлық құқық та, сонымен бірге оны кез-келген түрде пайдаланғаны үшін сыйақы алу құқығы да әрқашан автордың өзінде қалады.

Сондықтан белгілі бір материалдық затқа жазылған /аудиотаспаға, дискіге/ туындыларды заңды түрде пайдалану үшін пайдаланушы автордың өзінен немесе авторлар құқығын ұжымдық негізде қорғаушы ұйымнан рұқсат алып, тиесілі сыйақысын төлеп тұруы керек.

Иә, енгізілген. Өздеріңізге белгілі, ҚазАҚ репертуары 2 бөліктен тұрады:

  1. өз еліміз авторларының туындылары;
  2. шетел авторларының туындылары.

Өз еліміз авторларының репертуарын сайттың «АВТОР» бөлімінен табасыз. Осындағы «РЕПЕРТУАР» бөлімшесінде екі реестр бар:

  1. Қазақстан құқық иеленушілері мен репертуарлар реестрі: мұнда драматургтер, әуен және мәтін авторлары, хореографтар, суретшілер, ақындар, сықақшылар бар. ҚазАҚ-қа 2500-дей авторлар мүше болса, олардың осы деректер базасында 45 000-дай туындылары көрсетілген.
  2. Дәл осы жерде шетелдік құқық иеленушілер мен репертуарлар реестрінде шетелдік қоғамдардың – Ресейдің РАО, АҚШ-тың АSКАР пен ВМІ, немістің GЕМА, испанның SGАЕ қоғамдарының репертуарлары берілген. Біздің елімізде аталмыш қоғамдардың репертуары жиі пайдаланылатындықтан, пайдаланушылар жиі сұрайтынына байланысты, оларды осы «Репертуарға» орналастыруды, сол арқылы іздеп табу мүмкіндігін жеңілдетуді жөн көрдік.

Бірақ шетелдік репертуарлар бұлармен шектелмейтіні белгілі. Өзге шетелдік қоғамдар репертуарымен танысу үшін «ҚазАҚ-тың халықаралық байланыстары» бөлімін ашып, «Шетел қоғамдарымен жасалған келісімдер» бөлімшесіндегі тізімнен репертуарын көргіңіз келетін елді (қоғамды) түртсеңіз (мәселен, JАSRАС, Жапония), тікелей сілтеме сізге қажетті ақпаратты тауып береді.

Егер аудиовизуалдық туындылар үшін жазылған музыкалық шығармалар туралы білгіңіз келсе, онда ISAN және IDA деректер базасын ашып қараңыз. Олар сайттың әр бетінен-ақ көрініп тұрады.

Біздегі «Дүниежүзілік авторлар тізімі» (IPI) деп аталатын электрондық деректер базасында 2,5 миллион автор, ал «Дүниежүзілік туындылар тізімінде» (WID) – 15 миллион авторлық құқық нысандары тіркелген. Бірақ олар 1-бетке орналастырылған СІS-Net секілді СISАС-тың деректер базасы болғандықтан, оларды тек арнаулы пароль арқылы ҚазАҚ қана көре алады.

Өзіңіз білесіз, автор құқығы – оның жеке құқығы, сондықтан қоғамды авторлардың өздері құрады да, ал қоғам автордың шартпен берген өкілдігі негізінде жұмыс істейді. Шетел авторларының құқығын өзі іспеттес шетелдік қоғамдармен жасасқан өз мүшелері мүддесіне өкілдік ету туралы екіжақты келісім негізінде қорғайды(Заңның 43 б. 4 т.). Ал аккредитация қоғамның авторлық шартқа қол қоя қоймаған авторлардың сыйақысын, өзі тыйым салғанға дейін, жинауға құқық береді. Мәселен, ҚазАҚ-тың 2500-ден астам мүшесі бар, оның сыртында әлі де Қоғамға мүше болып үлгірмеген (10-15 яки одан көбірек) авторлар болуы мүмкін: олар не өзінің құқығын білмейді, не шалғай аймақта тұратындықтан, хабарласа алмай жүр, т.т. Аккредитациядан өткен жағдайда, олар үшін сыйақы жинау заңға қайшы емес. Ал егер 10-15 автор мүшесі бар жаңа қоғам құрылып, ҚазАҚ-тың мүшесі болып табылатын барша авторлардың сыйақысын жинауға ұмтылатын болса, онысы жосықсыз болады. Бұл жерде аккредитация көмектесе алмайды.

Шетел авторлары туралы да соны айтуға болады. ҚазАҚ шетелдік қоғамдаармен жасалған екіжақты келісім бойынша әлемнің 138 елі авторларының мүддесін қорғайды. Егер біздің елімізде бұл елдерден өзге тағы бір елдің авторының шығармасы пайдаланылған болса, ол қорғалуға тиіс, әрине.Әдетте біз ондай авторларды дүниежүзілік деректер базасынан тауып алып, оның тиісті қоғамымен хаабарласамыз да, келісім шартқа қол қоямыз. Авторға тиесілі соманы төлеу үшін, шарт міндетті түрде керек. Шартың жоқ болса, сыйақысын төлей алмайсың. Шартың бар болса, аккредитациясыз-ақ сыйақы жинай беруге хақың баар. Демек, екіжақты келісімнің күші басым деген сөз.

Жоқ, төлей бермеу керек. Әлемдік тәжірибеде ол былай шешілген: егер бір салада бірнеше қоғам құрылған болса, онда олар өзара келісіп, сыйақы жинауды біреуіне ғана тапсырады. Сонан соң жиналған соманы пайдаланушылар тапсырған бағдарлама-мәлімет бойынша пайдаланылған құқық нысандарын есепке ала отырып бөліп алады.