Туындыларды сақтауға алу

Туындыларды сақтауға алу – автор туындысын есепке алып, автор белгілеген мерзімге немесе осы шығарманың авторлық құқығының қорғалу мерзімі аяқталғанша /автордың өмірі бойына және қайтыс болған соң 70 жыл/ ҚазАҚ мұрағатында сақтау.

Сақтауға тапсыру ерікті түрде жасалады. Сақтауға жарияланған шығарманы да, жарияланбаған шығарманы да өткізуге болады.

Сақтауға алудың жабық және ашық тәсілі бар. Ашық тәсіл бойынша оны үшінші бір тұлғаның көруіне рұқсат етілсе, жабық тәсіл бойынша – оған тыйым салынады.

 Сақтауға алу үшін мынадай талаптар қойылады:

  1. сақтауға алу туралы өтініші.
  2. сақтауға тапсырылатын авторлық құқық нысаны /қолжазба, магниттік жазылым, т.с./

Сақтауға алу шараларын ҚазАҚ 2000-жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асыра бастаған-ды. Алайда, сақтауға алынған шығармалардың көбейіп кетуіне байланысты, әрі осындай қызметті Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитеті де жүзеге асыра бастағандықтан, ҚазАҚ төрағасының 2006 жылғы 27 ақпандағы №12 Бұйрығы бойынша сактауға тек әдебиет пен өнер туындылары ғана алынатын болған. Төрағаның 2011 жылғы 17 маусымдағы Бұйрығы бойынша тек ҚазАҚ мүшелерінің туындылары ғана сақтауға тегін алынатын болды.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша барлығы 2115 туынды сақтауға алынған.

2000-2014 жылдары сақтауға алынған нысандарды олардың түрлері (жанрлары) бойынша көрсетсек, былай болып келеді:

  • Сценарийлер 80
  • Ғылыми туындылар 206
  • Аудиобейне туындылары 39
  • Жобалар 29
  • Архитектуралық жобалар 2
  • Теледидар бағдарлама сценарийлері 70
  • Көркем сурет туындылары 43
  • Фотосуреттер 5
  • Әдеби туындылар 205
  • Компьютерлік программа 80
  • Қалғандары музыкалық туындылар.

Осының ішінде:

  • 2007 жылы авторларға 181 куәлік берілген.
  • 2008 жылы авторларға 195 куәлік берілген.
  • 2009 жылы авторларға 245 куәлік берілген.
  • 2010 жылы авторларға 208 куәлік берілген.
  • 2011 жылы авторларға 148 куәлік берілген.
  • 2012 жылы авторларға 103 куәлік берілген.
  • 2013 жылы авторларға 101 куәлік берілген.
  • 2014 жылы авторларға 169 куәлік берілген.