Құқық бұзу. «Абырой» автор құқығын бұзуын қояр емес.

ҚРБ «Қазақстан авторлары қоғамы» осы қоғамның 83 мүшесінің мүлікктік құқығын 1,5 жыл бойы бұзып келе жатқан РҚБ «Абыройдың» үстінен Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына оларға тиесілі қаламақы туралы мәлімет талап етіп, арыз түсірген еді. Бұл мәселеге қатысты іс 2012 жылғы 2 тамызда А.М.Біліспаева ханымның төрағалығымен қаралды. Шағымда көрсетілген фактілерді жан-жақты талдай келіп, экономикалық сот ҚазАҚ арызын толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Бұрын бір хабарлағанымыздай, ҚазАҚ-тың 107 мүшесінің атынан берілген шағымы бойынша Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты биылғы жылғы 2 ақпанда да дәл осындай шешім шығарған еді. Қазір сотта Ресейдің 373 авторының атынан берілген арыз да қаралу үстінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *