Сот негізсіз шағымды құптаған жоқ

2013 жылғы 25 қарашада, 2014 жылғы 27 қаңтарда, 2014 жылғы 04 шілдеде, 2014 жылғы 03 қыркүйекте Алматы қ. Алмалы аудандық №2 сотында бірнеше автор –    Б.К.Мұстапаев, А.Қ.Айтімбетов, С.Х.Усманов, А.Б.Әбдірайымовтар – РҚБ «Ән авторлары одағының»  басшысы  Н.М. Енжановтың адастыруымен, РҚБ  ҚазАҚ мүшелігінде тұрмаса да,  ҚазАҚ пен авторлар арасында  жасалған келісім-шарттың  заңсыздығы жөнінде шағым түсірген еді. Түсірілген шағым бойынша істің мән-жайын толық тексерген сот  Б.К.Мұстапаев, А.Қ.Айтімбетов, С.Х.Усманов, А.Б.Әбдірайымовтардың шағымдарында көрсеткен мәселелердің дәйексіз әрі мүлде заңсыз екенін анықтай келе арыз иелерінің шағымын түгелдей қанағаттандырусыз қалдырды.

2014 жылғы 18 көкекте, 2014 жылғы 19-маусымда, 2014 жылғы 29 тамызда  аппеляциялық және кассациялық сатыда бірінші инстанция шешіміне риза болмаған  арыз иелерінің қайта жазған шағымы бойынша бұл істі ыждаһаттап  қараған Алматы қалалық сот алқасы   ҚазАҚ-тың материалдық және іс жүргізудегі әдістемелерінің заңдылығы мен дұрыстығына  көз жеткізіп,  бірінші инстанцияның  шешімін  өзгеріссіз қалдыру жөнінде шешім шығарды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *