Қоғам қызметін тексеру нәтижесі баяндалды

2011 жылғы 25 тамызда ҚазАҚ Авторлар Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста қоғам жұмысына өткен жылдың қараша айында басталып, биылғы көкек айының соңына дейін созылған тексеріс қорытындылары туралы хабарлама тыңдалды. «Алматы» телеарнасының бас директоры Грюнберг мырзаның Алматы қалалық прокуратурасына жазған арызына орай басталған тексеріс салық органдарының, Бас прокуратураның жаппай тексерісіне ұласқан-ды. Араға 3 ай салып, он күн бойы яғни 2-12 тамызда Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік жөніндегі комитеті жоспарлы тексерісін және жүргізген. Ең бастысы, осынша ұзақ және жан-жақты тексеру барысында Қоғам қаржысына қол сұғу, авторлар қаламақысын жымқыру фактілері табылған жоқ. Сонымен қатар Кеңес мүшелері былтыр Швейцария қоғамынан сатып алынып, биылғы жылы іске қосылған «Косис» компьютерлік бағдарламасының жұмысымен қызыға танысты. Сондай-ақ, Қоғамның Әлеуметтік қорындағы қаражаттың жұмсалу жайы да тыңдалды. Авторлар Кеңесі мүшелері Қоғам басшылығының жұмысына ризалық танытып, алдағы жоспарларына қолдау білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *