Стамбулдағы механикалық құқық күндері

РҚБ «ҚазАҚ» шетелмен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бақтыбаев 2014 ж. 26 қыркүйекте
Стамбул қаласында өткен механикалық құқықтар мәселелері жөніндегі конференцияға делегат ретінде қатысты. Аталған конференцияны ВІЕМ (механикалық жазбалар мен туындыларды басқарудың  халықаралық бюросы) мен CISAC ұйымдастырған болатын. Конференцияда Шығыс және Батыс Европа, сонымен бірге ТМД елдеріндегі авторлық қоғамдардың 30-дан аса өкілі бас қосты.
Конференциядағы қаралған негізгі мәселе: музыкалық туындылардың интернет арқылы кеңінен
қолданыла бастауы.  Соңғы кездері CD және DVD дискілерінің уақыты өткені, әсіресе Шығыс Европа, АҚШ және Жапонияда мүлде қолданыстан шыға бастағаны байқалып отыр. Пайдаланушылар көп жағдайда музыкалық туындыларды интернет арқылы тыңдап, іздеген музыкасын табу үшін музыка жинақтарының виртуалды нұсқасының көмегіне жүгінеді.
Құқық иеленушілердің, авторлардың, пайдаланушылар мен орындаушылардың талабына сай болу
мақсатымен,   интернет орталықтарына лицензия беру жүйесінің ортақ әдісін белгілеу, осыған байланысты бұрынғы шарттар мен жұмыс жүйесіне енгізілетін өзгерістер болашақта авторлық қоғамдар үшін жаңа мәселелер мен жаңа міндеттер туындататыны белгілі.
Конференция делегаттары осы мәселеге байланысты ойларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Ынтымастық шеңберінде өткен конференция қорытындысы бойынша, алдағы кездерде де бұл мәселе төңірегіндегі әріптестік пен тәжірибе алмасулардың жалғаса беретіндігі  жөнінде шешім қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған