CISAC-Logo.svg

Авторлық құқықты басқару ұйымдарын біріктіретін халықаралық үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.

Бұл авторлық құқық қоғамдарының әлемдегі жетекші желісі.

Бұл 116 елдегі 225 қоғамды біріктіретін зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі әлемдегі ең ірі ұйым болып табылады. Барлық географиялық аймақтардан және барлық көркем репертуарлардан 5 миллионнан астам шығармаларының құқығына иелік етеді.

CISAC бүкіл әлем  авторларының құқығын қорғайды және шығармаларын ұсына алады. Ол бүкіл әлем бойынша ұжымдық басқару ұйымдарына авторларды ұсынуға және авторларға олардың туындыларын әлемнің кез келген жерінде пайдаланғаны үшін гонорардың түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

1926 жылы негізі қаланған CISAC – штаб-пәтері Францияда, Африкада, Оңтүстік Америкада (Чили), Азия-Тынық мұхит аймағында (Қытай) және Еуропада (Венгрия) аймақтық кеңселері бар үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым.

1999 жылы желтоқсанда Қазақ АҚ CISAC Авторлар мен композиторлар қоғамдарының халықаралық конфедерациясының ассоциацияланған мүшесі болды, ал 2005 жылдың 22 қыркүйегінде оның толыққанды мүшесі болып қабылданды.

ҚазАҚ Қазақстан Республикасы бойынша CISAC-тың жалғыз мүшесі.