ҚазАҚ Тәжікстанда болып қайтты

2014 жылғы қарашаның 11-13-ші күндері Душанбе қаласында Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік

ұйымының (WIPO) Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігімен, сондай-ақ Авторлар мен композиторлар ұйымдарының халықаралық Конфедерациясымен (CISAK) бірлесіп өткізген «Авторлық құқық және автор құқығын ұжымдық басқару» жөніндегі халықаралық семинары болды. WIPO –дан Европа және Азия елдері жөніндегі Басқарма бастығы С.Тілеулесова ханым, CISAK-тан Шығыс Европа ТМД елдері жөніндегі аумақтық директоры М.Чаталбашев мырза өкілдік етті. Семинарға ТМД елдерінің алдыңғы қатарлы Қоғамдары ретінде — Ресейдің РАО-сы мен ҚазАҚ қатысып, өз қоғамдарының жұмысымен таныстырып, жетістіктерін ортаға салды.

Семинар соңынан делегаттарды қабылдаған Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрі

Орынбеков Шамсиддин Шодибекұлы мырза арнайы келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған