«ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ

Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы дүниежүзінің ақын және жазушыларын қоғамдағы жоғары жетістіктері үшін «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017 ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлығымен марапатталған лауреаттар тізімін жариялады.

Олардың арасында: Олжас Сүлейменов, Марал Ысқақбай, Ахметжан Ашири, Үмбетбай Уәйдаұлы, Нәзікен Алпамысқызы, Ақылбек Шаяхмет, Байғали Есенәлиев сынды ҚазАҚ мүшелері де бар.

Марапатталған ҚазАҚ мүшелерін құттықтай отырып, шығармашылық адамдарының еңбегін Халықаралық дәрежеде бағалаған ӘХЖО ұжымына өз алғысымызды білдіреміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған