Естай ақынның қаламақысы немересіне табысталды.

Артында өшпес мұра қалдырған ақын-композитор Естай Беркінбаевтың

мұрагерін іздестіру барысында бұған дейін баспасөз бетінде берілген бірнеше жарнамаға еш жауап болмаған еді. Биыл Керекулік Есімханов Қуат деген азамат арқылы Естай атамыздың сексен алты жастағы Зекен атты немере қызы бар екенін білдік. Сексен алты жастағы кейуананы сотқа сүйрелеп, мұрагерлігін рәсімдету белгілі дәрежеде қиындықтар тудыратын болғандықтан, бұл мәселені Естайдың немересі екенін растайтын елге танымал азаматтардың куәлігіне жүгіне отырып іске асыруды жөн көрген ҚазАҚ дирекциясы мұрагердің жасын, денсаулығын, шалғай ауылда тұратынын және автор құқығы қорғалу мерзімінің аяқталуға жақын қалғанын ескеріп, Естай Беркімбаевтың жиналған сыйақысын мұрагерлеріне табыстау жөнінде шешім шығарған болатын.

Жақында Павлодар облысы, Екібастұз қаласынан қуанышты хабар

жарияланған жергілікті «Отарқа» гәзеті келді поштамен. Атасының мұрасы қолына тиген кезде ақ жаулықты әжеміздің қатты тебіреніп: «Арада сонша жыл өткенде атамның шарапатын осылай көремін деп ойлаппын ба?! Игі іске мұрындық болған алаш азаматтарына, «Қазақстан авторлары қоғамының қызметкерлеріне аналық жүрегімнен ақ батамды беремін» — дегені айтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *