Кезектен тыс Жалпы жиналыс өтті

2010 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан авторлары қоғамына мүше авторлардың кезектен тыс Жалпы жиналысы болып өтті. Жиналыста Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Толықтыруларды Авторлар Кеңесі негізінен былтырғы жылы ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына енгізілген авторлық құқықты ұжымдық негізде басқарушы ұйымдарды аккредитациядан өткізу жөніндегі өзгерістерге сай ұсынды. Сондай-ақ күн тәртібіне «Қонақүйлерде, сауда-көңіл көтеру кешендерінде, сауда үйлерінде, аэропорт, автовокзал және теміржол вокзалдарында пайдаланылатын музыкалық туындылар үшін төленетін сыйақы мөлшерін» бекіту мәселесі де қойылған-ды. Талқылаудан кейін жиналысқа қатысушылар қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдады.

Add comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *