«Дөңгелек үстел» өтті.

2012 жылғы 13 шілдеде Қазақстан авторлары қоғамында «Дөңгелек үстел» өткізілді. Оған Қазақстандағы авторлар құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың (ҰБҰ) өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары шақырылған еді. ҰБҰ тарапынан «Абырой» қоғамы Авторлар кеңесі төрағасы Т.Төлегенов және «Айқын», «Алаш айнасы», «Қазақ Әдебиеті» гәзеттерінің, «31 канал», «СТВ» телеарналарының, «Tengri news kz» интернет порталының тілшілері қатысты. Бұл кездесуде авторлардың мүліктік құқығын қорғаумен айналысатын «Абырой» және «САП» қоғамдарының 1,5 жылдан астам уақыттан бері авторлардың сыйақысын жинаумен айналысып жүргендерімен, осы уақытқа дейін не отандық авторларға, не шетелдік авторларға тиесілі қаламақыларын төлемей келе жатқаны, сондай-ақ автор туындыларын пайдаланушылармен жасалатын лицензиялық келісімді демпингілік жолмен жасайтындары туралы сөз болды. «Дөңгелек үстелге» қатысқан авторлар мен тілшілер күн тәртіібіндегі мәселеге қатысты сауалдар қойып, өз пікірлерін білдірді. Кездесудегі әңгіме барысында бұл саладағы кемшілікті түзету туралы үзілді-кесілді мәселе қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *