2010 жылдың 22 қыркүйегінде РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» мен РҚБ «Демеу» продюсерлер мен орындаушылар одағы» келісім шартқа қол қойды. Бұл келісім шарттың мақсаты ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 26 бабына сай авторлардың жеке мақсат үшін жазып алатын музыкалық шығармалары үшін төленетін сыйақыны жинауды жүзеге асыру. Заңның қабылданғанына 14 жыл болса да, бұл мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. Соны шешуді «Демеуліктер» мойнына алып отыр. Олар мәселе түйінін шеше алатындарына сенімді.