Қазақстандағы ірі кабелді телеарна «АЙКОН» компаниясы жылдан астам уақыт авторлық сыйақы төлеуден бастартуына байланысты ҚазАҚ сотқа жүгінуге мәжбүр болған еді. Мәселені жан-жақты зерттей келе Алматы қаласының Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты авторларға төленбей келген 7 175 774 теңге сыйақыны төлеп беру туралы шешім шығарды. 2010 жылдың 3 қарашасынан сот шешімі күшіне кірді.