2012 жылғы 06 наурызда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» арызы бойынша РҚБ «Ән авторларының одағының» (САП) лицензиялық шартымен жұмыс істеп келген ЖК Г.Ирисметовке қарасты «Павлин» ресторанына байланысты іс қарады. ҚазАҚ-тың талап арызын қарау нәтижесінде сот жауапкер ЖК г.Ирисметовтен Қазақстан авторлары пайдасына 1 794 240 теңге өтемақы өндіріп беру туралы шешім шығарды. Ресторан «Павлин» мен САП қоғамы Шымкент қаласында орналасқан.