2014 жылғы 14 шілдеде Алматы облысы Қарасай аудандық сотында РҚБ Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ) авторларының туындыларын концерт беру мақсатында көпшілік алдында заңсыз пайдаланғаны үшін, МКҚК «Аудандық мәдениет үйінің» үстінен берген РҚБ ҚазАҚ-тың шағымы бойынша іс қаралды. Қаралған мәселелерді сарапқа салған сот ҚазАҚ-тың шағымын қанағаттандырып, МКҚК «Аудандық мәдениет үйінен» қазақстандық авторлардың пайдасына 12 378 920 теңге көлемінде өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды.