|
«Қазақстан авторлары қоғамы» РҚБ
Авторлық Кеңесінің Хаттамасы
Жарияланды: 2022 жылғы 8 желтоқсан
Өтетін орны: Алматы қ., Абай даңғылы, 143/93.
Күні: 30 қараша 2022 жыл
Кеңес отырысына қатысушылар:
Б.Қыдырбек, Б.Есенәлиев, А.Есендикова, Н.Құлмұхамбетов, С.Белгібаев, М.Мамытхан, Е.Ералы, Б.Бекмағамбетов, О.Тереков, В.Стригоцкий, Ш.Алжанбай, Д.Дәулетова, С.Айбергенова, М.Ильясов, А.Құлбаев.
Күн тәртібі:
1. Өзге қоғам мүшелігіне өткен авторларды «Қазақстан авторлары қоғамы» мүшелігінен шығару туралы.
2. Әлеуметтік көмектің берілу тәртібін өзгерту туралы
Қыдырбек Б.Б: Құрметті Кеңес мүшелері, ҚазАҚ Директорлар кеңесі ойласа келіп, қоғамның әлеуметтік көмек беру тәртібіне өзгеріс енгізуді жөн көрдік. Авторлардың әлеуметтік көмек сұрап жазған әрбір өтінішін талқылау үшін авторлық кеңес жинау тиімсіз. Оларды жинап, топталғанын күтіп отыру көмек алатын автор үшін де мүлде қолайсыз. Сондықтан, өтініш жазылған кезде көмек көрсетіліп, оны ревизиялық комиссия қадағалап, авторлық кеңес мүшелері жылдық жалпы тізіммен танысқаны дұрыс болар еді.
М.Мамытқан: Иә, дұрысы сол. Жыл соңында ревизиялық комиссия тексеріп шығып қол қойса болады ғой. Авторлық кеңес жинай берудің өзі уақыт шығыны. Қайта-қайта кеңес отырысына қатыса беруге де мұрша бола бермейді.
С.Қарақыстық: Төрағаның ұсынысы өте орынды. Әлеуметтік көмек сұраған авторды күттіріп қойып, сондай өтініштердің жиналуын күтіп отыру дұрыс емес. Өтініші орынды, медициналық анықтамалары дұрыс болса уақытында жіберген жөн.
Қыдырбек Б.Б: Ендігі мәселе; бір қоғамға мүше болған автордың екінші қоғаммен бір сала бойынша шарт жасасуға құқығы жоқ. Бұл автормен ҚазАҚ арасындағы жасалынған келісімшартында да, ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 43 бабының төртінші тармағында да анық көрсетілген. Қазір басқа қоғаммен шарт жасасқан бірнеше авторды ҚазАҚ мүшелігінен шығаруға мәжбүрміз.
М.Мамытхан: Өздерінің қалауымен басқа қоғамға ауысқан екен. Келісімшарт талабын орындамаса ондай авторларды мүшелікте ұстаудың қажеті қанша?
Б.Есеналиев: Мына тізімдегі авторлардың «Адал», «Аманат», «Шапағат» атты қоғамдарға мүше болғандығы туралы мәлімет түсті:
1. Малимбай Самат (Аманат).
2. Абдуллина Карина (Аманат).
3. Бреусов Иван (Аманат, Шапағат).
4. Бушукова Алия (Аманат, Шапағат).
5. Шакеев Еркеш (Аманат).
6. Ильясова Майра (Аманат).
7. Забирова Толқын(Аманат).
8. Қаражигитов Нурлан(Аманат).
9. Тұяқбаев Жалын (Аманат, Шапағат).
10. Жаңбыршиев Орынбасар (Шапағат).
11. Жайлыбай Ғалым (Шапағат).
12. Жазай Қуаныш (Аманат).
13.Тайман Рамазан (Адал)
14. Мельникова Людмила (Аманат)
15. Искакова Жеңис (Аманат).
16. Серкебаева Жамиля (Аманат).
17. Кокеев Ерлан (Аманат).
18. Тайлақбаев Бахтияр (Аманат).
19. Нурмағанбетова Айжан (Аманат).
20. Раш Мыңбай (Шапағат).
21. Әмзе Мүсілім (Аманат).
22. Алимбекова Гаухар (Аманат).
23. Жаутиков Мақсат (Аманат).
25. Сыздыков Болат (Аманат).
26. Магаев Руслан (Аманат).
27. Байбосынов Қайрат (Аманат).
28. Останькович Дмитрий (Аманат).
29. Қоразбаев Алтынбек (Шапағат).
Б.Қыдырбек: Міне осы авторлардың басқа қоғам мүшелігіне өтуіне байланысты ҚазАҚ мүшелігінен шығару жөнінде ұсыныс жасаймын. Осы ұсынысты қолдаймын дегендеріңіз дауыс беріңіздер!
Қарсы, қалыс қалғандар жоқ. Ендеше шешім бірауыздан қабылданды.
Кеңес Төрағасы, ҚазАҚ мүшесі, С.Елмановтың әлеуметтік көмек сұрап, жазған өтінішімен таныстырып өтті. Өтінішке қоса әлеуметтік көмек сұрауға негіз болған көзіне ота жасалғаны жөніндегі медициналық анықтамаларын қоса көрсетті.
Авторлық Кеңес мүшелері Әлеуметтік көмек сұраған автордың өтінішін қанағаттандыру жөніндегі ұсынысты мақұлдап, бір ауыздан дауыс берді.
Кеңес шешімі:
1. Өзге қоғамдарға ауысуына байланысты төмендегі авторлар, олармен ҚазАҚ арасындағы жасалған келісімшарттардың 8 тармағының «а» тармақшасына, 9 тармағына сай және ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 43 бабының төртінші тармағының талабы бойынша «Қазақстан авторлары қоғамы» мүшелігінен шығарылсын:
1. Малимбай Самат (Аманат).
2. Абдуллина Карина (Аманат).
3. Бреусов Иван (Аманат, Шапағат).
4. Бушукова Алия (Аманат, Шапағат).
5. Шакеев Еркеш (Аманат).
6. Ильясова Майра (Аманат).
7. Забирова Толқын(Аманат).
8. Қаражигитов Нурлан(Аманат).
9. Тұяқбаев Жалын (Аманат, Шапағат).
10. Жаңбыршиев Орынбасар (Шапағат).
11. Жайлыбай Ғалым (Шапағат).
12. Жазай Қуаныш (Аманат).
13.Тайман Рамазан (Адал)
14. Мельникова Людмила (Аманат)
15. Искакова Жеңис (Аманат).
16. Серкебаева Жамиля (Аманат).
17. Кокеев Ерлан (Аманат).
18. Тайлақбаев Бахтияр (Аманат).
19. Нурмағанбетова Айжан (Аманат).
20. Раш Мыңбай (Шапағат).
21. Әмзе Мүсілім (Аманат).
22. Алимбекова Гаухар (Аманат).
23. Жаутиков Мақсат (Аманат).
25. Сыздыков Болат (Аманат).
26. Магаев Руслан (Аманат).
27. Байбосынов Қайрат (Аманат).
28. Останькович Дмитрий (Аманат).
29. Қоразбаев Алтынбек (Шапағат).
2. Осы авторлық кеңес өткен кезден бастап «Әлеумсттік көмек» көрсету авторлық кеңес талқысында емес, ревизиялық комиссия қадағалауында болып, жыл соңындағы кеңес жиналысында қаралып, авторлық кеңес хаттамасында көрсетілетін болсын.
3. Денсаулығына байланысты анықтаманы және автор өтінішін негізге ала отырып «Әлеуметтік қор» қаржысынан С.Елмановқа 45 000 (қырық бес мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілсін.Әрі:
|
|