Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы

2010 жылғы 14 сәуірде ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік комитетінде аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Осы отырыста "Қазақстандық авторлық қоғам" РҚБ-ны салаларда аккредиттеу туралы мәселе қаралды: жарияланған музыкалық шығармаларға (мәтінмен немесе мәтінсіз) және музыкалық-драмалық шығармалардың үзінділеріне оларды көпшілік алдында орындауға қатысты айрықша құқықтарды басқару, жалпыға бірдей мәлімет үшін кабель арқылы хабарлау немесе эфирге беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлау; авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен аудиовизуалды туындыларды өндірушілердің көпшілік алдында орындағаны үшін сыйақы алу немесе кабель арқылы жалпыға бірдей мәлімет беру үшін хабарлама алу немесе осындай аудиовизуалды туындыны эфирге беру құқықтарын жүзеге асыру. Аталған мәселелер бойынша 16 Сәуірде зияткерлік меншік комитетінің Төрағасы Н.Әбдірахимнің №61 бұйрығы шығарылды