Қарыздар сот арқылы өндіріліп алынады
2015 жылғы 22 шілдеде Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "ShamROCK" кафесінің иесі А.А. Тастлеуоваға қатысты Қазақстандық авторлық қоғам (КазАК) РҚБ-ның берешек сомасын өндіріп алу туралы талабын қарау өтті. Талап қоюды қарау қорытындысы бойынша сот казактың талап қою талаптарын қанағаттандыру және жауапкер А.А. Тастлеуовадан КазАК РҚБ пайдасына 1 175 752 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу туралы шешім шығарды.