Алтын медаль табысталды

2012 жылғы 18 маусымда Халықаралық Баталистер мен маринистер қауымдастығының шешімімен Қазақстандық авторлық қоғамның төрағасы, жазушы М. Ермакбай Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға қосқан шығармашылық табыстары мен үлесі үшін Валентин Пикуль атындағы сыйлыққа және алтын медальға ие болды. 2012 жылдың 13 шілдесінде Мәскеуден келген арнайы өкіл лауреат дипломын және М. Ермакбайға алтын медалін табыс етті. Салтанатты шараға қоғам ұжымының мүшелері мен Перудегі әріптестері қатысты.