"Web Content" ЖШС талаптарын қанағаттандырудан бас тартылды

2015 жылғы 19 Қаңтар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Web Content" ЖШС – нің "NS-Радио Ұлттық Желі" ЖШС-не 1 597 280 теңге сомасына авторлық құқықты бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу туралы талап арызы қаралды. Онда КазАК РҚБ іс бойынша үшінші тарап болды. Сот талап қоюды қарау қорытындысы бойынша "Web Content" ЖШС талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. Осылайша, талапкердің дәлелдері мен мәлімдемелерінің заңсыздығы мен негізсіздігін мойындады.