Кезектен тыс жалпы жиналыс өтті

2010 жылғы 27 қыркүйекте қазақстандық авторлық қоғам мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Жиналыста Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Авторлық Кеңес толықтыруларды негізінен өткен жылы авторлардың құқықтарын басқару жөніндегі ұйымдарды ұжымдық негізде аккредиттеу туралы "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізуге байланысты ұсынды. Сондай-ақ, күн тәртібіне "қонақ үйлерге, сауда-ойын-сауық кешендеріне, сауда үйлеріне, әуежайларға, автовокзалдарға, музыкалық шығармаларды пайдаланатын темір жол вокзалдарына арналған ставкаларды"бекіту туралы мәселе қойылды. Талқылаудан кейін жиналысқа қатысушылар қаралған мәселелер бойынша шешім қабылдады.