Шешім күшінде қалды
2014 жылғы 20 маусымда Шымкент қаласында ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты н.М. Ержановтың Қазақстан авторлық қоғамы (КазАК) РҚБ-на 1 148 531 мөлшерінде жоғалған пайда сомасын және 62 453 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығыстарын өндіріп алу туралы талабын қарады. Талап қоюды қарау қорытындысы бойынша сот н. М. Ержановтың талап қою талаптарын толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарды. 2014 жылғы 25 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.