Үш жақты Бас келісімге қол қойылды
2009 жылғы 03 Маусымда "Қазақстандық авторлық қоғам" РҚБ, "фонограмма өндірушілер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі және "орындаушылардың құқықтарын басқару жөніндегі қазақстандық қоғам" РҚБ арасында "жеке мақсатта аудиовизуалды туындыларды немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жаңғыртқаны үшін сыйақыны жинау және бөлу тәртібі туралы"үшжақты Бас келісімге қол қойылды. Содан бері бір жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, іс ілгерілемеді және авторлық сыйақы жиналмады, КазАК төрағасы 2010 жылғы 18 маусымда аталған Келісімді бұзу туралы бұйрық шығарды. Бұйрықтың көшірмелері көрсетілген ұйымдарға жіберілді.