Қырғызпатент ризашылығын білдірді

Ағымдағы жылдың 21-22 шілдесінде cisac халықаралық ұйымының ұсынысы бойынша Қырғызпатент қызметкерлерінің тобы авторлық сыйақыны бөлу жөніндегі CoSiS бағдарламасының біліктілігін арттыру және игеру мақсатында "КазАК авторлық сыйақыны жинау және бөлу басқармасында" тағылымдамадан өтті. Келесі күні КазАК алғыс хат алды, онда көрсетілген көмек үшін шын жүректен алғыс білдірілді.