Қазақстандық авторлық қоғамы ДЗМҰ-ның (Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы) SCCR/48 шеңберінде өткен IFRRO-ның параллель іс-шарасына қатысты

Қазақстандық авторлық қоғам IFRRO-ның SCCR/48 шеңберіндегі параллель іс-шарасына қатысты. 2026 жылғы 19 мамырда Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ, WIPO) штаб-пәтерінде Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитеттің (SCCR/48) 48-сессиясы аясында IFRRO ұйымдастырған параллель іс-шара өтті. Іс-шара IAF, IPA, EVA және STM ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесу лицензиялаудың тікелей және ұжымдық тетіктеріне, әсіресе білім беру саласындағы лицензиялауға, сондай-ақ лицензиялаудың авторларды, баспагерлерді және ұлттық шығармашылық индустрияларды қолдаудағы рөліне арналды. Халықаралық спикерлер қатарында «Қазақстандық Авторлық Қоғам» РҚБ (KazAK) Бас директоры Айнура Есендикова сөз сөйлеп, авторлық құқықтың теңгерімді жүйесін сақтаудың маңыздылығын және ұлттық креативті экономика мен ұжымдық құқықтарды басқару жүйесінің дамуына зиян келтіруі мүмкін міндетті ақысыз ерекшеліктерді енгізуге жол бермеу қажеттігін атап өтті. Талқылау барысында қатысушылар лицензиялаудың авторлар мен құқық иелерін қолдауда, сапалы білім беру материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз етуде және шығармашылық экожүйелердің тұрақтылығын сақтауда маңызды құрал екендігін атап өтті. Іс-шараның қорытындылары туралы толығырақ IFRRO-ның ресми сайтынан танысуға болады:https://ifrro.org/page/article-detail/ifrro-side-event-at-wipo-sccr-48-on-19-may-2026-highlights-importance-of-direct-and-collective-licensing/?k=e202605201207430506