КазАК авторлық құқықтар жөніндегі WIPO-ның 46-шы сессиясында Қазақстанды таныстырады

КазАК сіздермен маңызды жаңалықтармен бөлісуге қуанышты! Қазіргі уақытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы WIPO ұйымдастырған Авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі тұрақты комитеттің 46-шы сессиясы өтіп жатыр. Іс — шараға 193 елдің өкілдері мен 208 бақылаушы қатысады-бұл халықаралық шараға қатысу біз үшін үлкен мәртебе.  Сессия авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауға қатысты маңызды жаһандық мәселелерді қамтиды. Бұл алаңда Қазақстанның дауысы естілетіні біз үшін үлкен мақтаныш!