КазАК КОСИСТІ игеруде

Бұрын хабарланғандай, 2010 жылы біз Швейцария авторлық қоғамынан КОСИС компьютерлік бағдарламасын сатып алдық. Өткен жылдың ішінде КазАК осы бағдарламаға өзінің барлық мүшелерін – яғни 1540 автордың қажетті деректерін және олардың 40 мыңнан астам туындыларын енгізумен айналысты. Сонымен қатар, осы деректердің барлығын халықаралық дерекқорға – "Дүниежүзілік авторлар тізімі" (IPI) және "Дүниежүзілік шығармалар тізімі" (WID) деп аталатындарға енгізу жұмыстары қатар жүргізілді. Жақында біз АСКАП-тан (АҚШ), КОСИС әзірлеушісі Р.Хаузерден(Женева) және аймақтық директор СИЗАК М. Чатталбашевтен (Будапешт) 103 танымал қазақстандық авторлар мен олардың шығармаларын аталған халықаралық дерекқорларға енгізу бойынша алғашқы тесттің сәтті аяқталуына байланысты хабарлама мен құттықтаулар алдық. Осы алдын ала жұмыстардың арқасында КазАК 2011 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерден келіп түскен есептерді өңдеуге кірісті, осылайша авторлық сыйақыны компьютерлік тәсілмен бөлуге көшті. Біздің жұмысымыздағы бұл жаңалық авторлар мен бухгалтерия басқармасының жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, авторларға, қаласаңыз, туындыларды (кім және қашан) пайдалану және олар үшін есептелген сыйақылар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі бұрын қолмен орындалған және мұндай мүмкіндік болмаған.