Казак қызметі оң бағаланды
Ағымдағы жылдың 2-3 сәуірінде КазАК кеңсесіне КазАК мүшесі болып табылатын СИЗАК халықаралық ұйымының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша филиалының директоры М. Чатталбашев келді және КазАК қызметінің СИЗАКТЫҢ кәсіби талаптарына сәйкестігіне таныстыру тексерісін жүргізді. Әр бөлімнің жұмысымен екі күндік жан-жақты танысу нәтижесінде ол казактың қызметін оң бағалап, қызметкерлерімізге алғысын білдірді. Оның пікірінше, КазАК ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді және Ресей РАО-дан кейін екінші орында тұр. Ол тексеру нәтижелері бойынша талдамалық анықтама СИЗАК сайтында орналастырылатынын,ал көшірмесі бізге жіберілетінін мәлімдеді.