Ғаламдық авторлық құқық картасындағы ҚазАҚ | SCCR/47, WIPO
Суреттегі адамдар, солдан оңға қарай: Миюки Монройг — Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) авторлық құқықтарды басқару бөлімі Есендикова Айнура — Қазақстан Авторлар Қоғамының (ҚазАК) Бас директоры Сильви Форбин — WIPO Бас директорының орынбасары Мишель Аллайн — WIPO-дағы авторлық құқықтар бойынша IT-менеджер Қазақстан Авторлар Қоғамының (ҚазАК) Бас директоры Айнура Есендикованың Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO) өкілдерімен кездесуі Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі Тұрақты комитеттің 47-сессиясы (SCCR/47, 2025 жылғы 1–5 желтоқсан) аясында өтті. Кездесу барысында ұжымдық басқару жүйесін дамыту, процестерді цифрландыру, сондай-ақ авторлық құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қазақстан Авторлар Қоғамының (ҚазАК) WIPO деңгейіндегі стратегиялық диалогтарға қатысуы ұйымның халықаралық деңгейде танылған ұжымдық басқару тәжірибелерін енгізу жолындағы жүйелі дамуын растайды. ҚазАК өз қызметін WIPO Good Practice Toolkit for CMOs құжатында ұсынылған ұсынымдарға сәйкес дәйекті түрде қалыптастырып келеді, сондай-ақ WIPO-ның зияткерлік меншік құқықтарын басқарудағы көпжылдық институционалдық тәжірибесіне сүйенеді. Мұндай өзара әрекеттестік ҚазАК-тің жаһандық авторлық құқық архитектурасындағы позициясын күшейтіп, оның ашықтық, есептілік, репертуарды тиімді басқару және құқық иелерінің мүдделерін қорғау қағидаттарына адалдығын көрсетеді. WIPO халықаралық алаңында процестерді одан әрі цифрландыру, сыйақы бөлу тетіктерін жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттілігі жөнінде ортақ түсінік қалыптасуда — ал бұл бағыттар ҚазАК-тің даму стратегиясына үздіксіз енгізіліп келеді. Айта кету керек, ҚазАК қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға бейілділігін WIPO әзірлеген технологиялық шешім — WIPO Connect жүйесін тұрақты әрі тиімді пайдалану арқылы дәлелдеп келеді. WIPO Connect жүйесінің интеграциясы сыйақы бөлу процестерінің ашықтығын, қадағалануын және дәлдігін қамтамасыз етеді, құқық иелерінің сенімін арттырады және ҚазАК-тің құқықтарды цифрлық басқарудың үздік халықаралық тәжірибелеріне сәйкес жұмыс істеуге дайын екенін растайды. Бұл платформаны қолдану ҚазАК-тің жаңғыртуға, технологиялық ашықтыққа және WIPO ұсынған тиімді ұжымдық басқару құралдарын енгізуге бағытталған стратегиялық курсын айқындайды.