Жиналыста Қоғам жұмысына және авторлар құқығының қорғалуына белсене атсалысқаны үшін Авторлар Кеңесінің шешімі бойынша «Қазақстан авторлары қоғамының лауреаты» деп танылған В. Питерцев пен Г. Дәукеноваға салтанатты түрде арнайы жасалған лауреаттық төсбелгісі мен құжаттары табыс етілді.
Авторлар шығармасын Заң талаптарын мүлтіксіз орындай отырып пайдаланумен бірге еліміздегі автор құқығының сақталуына жауапкершілікпен қараған бірнеше телерадио, көңіл көтеру мекемелері басшыларына арнайы алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен бірге жиналыста қоғамның Жарғысына және қоғам жұмысына байланысты нормативтік актілер бекітіліп, ҚазАҚ-тың Авторлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Жалпы жиналыстың дауыс беруімен М.Ысқақбай ҚазАҚ-тың құрметті Төрағасы және Авторлық Кеңес Төрағасы, Б. Есенәлиев ҚазАҚ-тың Бас директоры болып бекітілді.