Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Айкон» кабельдік телеарнасынан авторлық сыйақының үлкен қарызын өндіріп беру туралы шешім шығарған еді. Оған келіспеген «Айкон» компаниясы жоғарыға жүгінген. Алматы қалалық сотының аппелляциялық және кассациялық инстанциясы бұрын қабылданған шешімді күшінде қалдырды(20.01.2011ж). Сонымен қатар ҚазАқ-пен жасалған лицензиялық келісімді мойындағысы келмеген «Айконның» шағымы да қанағаттандырылмады.