Бұл күнде ҚазАҚ-пен әріптестік келісім-шарт жасасқан шетелдік қоғамдар саны 138-ге жетті.
16-жылдық ғұмырында Авторлық құқық қорғау саласы бойынша әлемнің осынша елімен келісім-шартқа отыруы ҚазАҚ-тың ТМД елдері арасындағы озық орнын және осы уақытқа дейінгі атқарған ісінің абыройлы көрсеткіші болса керек.
2014 жылдың 5-ші маусымында Лондон қаласында әлемнің 120 мемлекеті өкілдерінің қатысуымен
ПРС қоғамының 100-жылдық мерекесіне байланысты үлкен мерекелік шара өткізу жоспарлануда. Соған байланысты ҚазАҚ Басшылығына ПРС Төрағасы Гай Флетчер мырзадан шақырту келіп түсті.