2014 жылғы 23-ші мамырда Алматы қаласы Медеу аудандық сотында РҚБ Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ) авторы Э.Н. Берғалиевтың музыкалық туындысын заңсыз пайдаланғаны үшін, РҚБ ҚазАҚ-тың шағымы бойынша, «Республика сарайы» және «Karaoke System» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ісі қаралды. Қаралған мәселелерді сарапқа салған сот алқасы, ҚазАҚ-тың шағымын қанағаттандырып «Karaoke System» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен ҚазАҚ авторына 798 640 теңге өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды