Сот үкімі күшінде қалды
Бұрын хабарлағанымыздай, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Айкон» кабельдік телеарнасынан авторлық сыйақының үлкен қарызын өндіріп беру туралы шешім шығарған еді. Оған келіспеген «Айкон» компаниясы жоғарыға жүгінген. Алматы қалалық сотының аппелляциялық және кассациялық инстанциясы бұрын қабылданған шешімді күшінде қалдырды(20.01.2011ж). Сонымен қатар ҚазАқ-пен жасалған лицензиялық келісімді мойындағысы келмеген «Айконның» шағымы да қанағаттандырылмады.
Тыйым салынды
2011 жылдың 7 сәуірінде РҚБ ҚазАҚ «Ән авторларының одағына» (САП, Шымкент қ-сы) хат жолдап, ҚазАҚ мүшесі сааналатын Қазақстанның 1500 авторлары атынан да, өзі іспетті шетелдік қоғамдармен жасасқан шарт негізінде еліміз аумағында авторлық құқығын қорғауды мойнына алған 120-дан астам елдер авторлары атынан да автор туындыларын пайдаланушыларға лицензиялық келісім-шарт беруге тиым салатынын хабарлады, өйткені аталмыш қоғамның ондай […]
РҚБ «ҚАЗАҚ» ар-ожданға тиетін жалған мәліметтер таратқаны үшін сотқа арыз түсірді
РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» заңгер Темірлан Төлегенов пен «Таң» телеарнасының «Центр» бағдарламасының жүргізушісі Сергей Щербаков эфир арқылы Қоғамның қызметі туралы абырой төгіп, ар-ожданға тиетін жалған мәліметтер таратқаны үшін сотқа арыз түсірген еді. Бұл мәселені қараған Алматы қаласыының Әуезов аудандық соты 2010 жылдың 20 желтоқсанында ҚазАҚ арызының ар-ожданы мен абыройын қорғауға қатысты талаптарын қанағаттандыру туралы шешім […]
ҚазАҚ КОСИС-ті игереруде
2010 жылы Швейцарияның авторлар қоғамынан КОСИС деп аталатын компьютерлік бағдарлама сатып алғанымызды хабарлаған едік. ҚазАҚ былтырғы жыл бойы өз мүшелерін – яғни 1540 авторының тиісті деректері мен олардың 40 мыңнан астам шығармаларын осы бағдарламаға енгізумен айналысқан. Сондай-ақ, бұның бәрін авторлардың халықаралық деректер базасына – «Дүниежүзілік авторлар тізіміне» (IPI) және «Дүниежүзілік туындылар тізіміне» (WID) енгізуді қатар […]
Қоғам қызметін тексеру нәтижесі баяндалды
2011 жылғы 25 тамызда ҚазАҚ Авторлар Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста қоғам жұмысына өткен жылдың қараша айында басталып, биылғы көкек айының соңына дейін созылған тексеріс қорытындылары туралы хабарлама тыңдалды. «Алматы» телеарнасының бас директоры Грюнберг мырзаның Алматы қалалық прокуратурасына жазған арызына орай басталған тексеріс салық органдарының, Бас прокуратураның жаппай тексерісіне ұласқан-ды. Араға 3 ай салып, он […]
Үш жақты Бас келісім жасалған
2009 жылғы 03 маусымда РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» мен Заңды тұлғалар бірлестігі «Фонограмма шығарушылар ассоциациясы» және РҚБ «Қазақстан орындаушыларының құқығын басқару қоғамы» арасында «Аудиовизуалды туындыларды немесе үнжазба туындыларын өзі үшін жазып алуға байланысты авторлық сыйақыны жинау және бөлу» туралы үш жақты Бас келісім жасалған еді. Содан бері бір жылдан астам уақыт өтсе де, ешқандай жұмыс […]
Әділет департаментіндегі мәжіліс
2010 жылғы 12 тамызда Алматы қаласының Әділет департаментінде «Авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі және Алматы қаласының Әділет департаментінің өкілетті орган ретіндегі осы саладағы рөлі» деген тақырыпта жұмыс бабындағы отырысы өтті. Оған авторлардың және орындаушылардың құқығын ұжымдық негізде басқарушы ұйымдардың басшылары, авторлар, композиторлар, орындаушылар, тағы басқа мүдделі тұлғалар, БАҚ өкілдері қатысты. ҚазАҚ төрағасы […]
Кезектен тыс Жалпы жиналыс өтті
2010 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан авторлары қоғамына мүше авторлардың кезектен тыс Жалпы жиналысы болып өтті. Жиналыста Қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Толықтыруларды Авторлар Кеңесі негізінен былтырғы жылы ҚР-ның «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңына енгізілген авторлық құқықты ұжымдық негізде басқарушы ұйымдарды аккредитациядан өткізу жөніндегі өзгерістерге сай ұсынды. Сондай-ақ күн тәртібіне […]
Әдеби кеш
2010 жылдың 21 қарашасында Алматыдағы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қазақтың аса көрнекті ақыны, ССРО және Қазақ ССР Мемелекеттік сыйлықтарының иегері, Қазақстанның халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына байланысты қала жұртшылығы мен ақын дарынын қадірлеуші оқырмандар қауымы бас қосқан тамаша әдеби кеш өтті. Кешке ақынның туған топырағы Орал […]
Жаңа келісімге қол қойылды
2010 жылдың 22 қыркүйегінде РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» мен РҚБ «Демеу» продюсерлер мен орындаушылар одағы» келісім шартқа қол қойды. Бұл келісім шарттың мақсаты ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңының 26 бабына сай авторлардың жеке мақсат үшін жазып алатын музыкалық шығармалары үшін төленетін сыйақыны жинауды жүзеге асыру. Заңның қабылданғанына 14 жыл болса да, бұл […]