Жалпы жиналыстын шешімдері
Жиналыста Қоғам жұмысына және авторлар құқығының қорғалуына белсене атсалысқаны үшін Авторлар Кеңесінің шешімі бойынша «Қазақстан авторлары қоғамының лауреаты» деп танылған В. Питерцев пен Г. Дәукеноваға салтанатты түрде арнайы жасалған лауреаттық төсбелгісі мен құжаттары табыс етілді. Авторлар шығармасын Заң талаптарын мүлтіксіз орындай отырып пайдаланумен бірге еліміздегі автор құқығының сақталуына жауапкершілікпен қараған бірнеше телерадио, көңіл көтеру мекемелері […]
Англиядан келген қонақ
Биылғы 6 мамырда Қазақстан авторлары қоғамында Англияның PRS қоғамының төрағасы Г.Флетчер мырзамен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан ұжым қызметкерлері Англиядағы авторлық құқықтың жағдайы туралы сұрақтар қойып, көптеген қызықты мәліметтер алды. Мәселен, Aнглияда авторлық құқықты қорғау 18 ғасырда басталған, ал PRS-тің құрылғанына жүз жылдай болған. Англиядағы жалғыз қоғам екен, оның 85 000 мүшесі бар көрінеді. Авторлар PRS-ке […]
«Дөңгелек үстел» өтті.
2012 жылғы 13 шілдеде Қазақстан авторлары қоғамында «Дөңгелек үстел» өткізілді. Оған Қазақстандағы авторлар құқығын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың (ҰБҰ) өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары шақырылған еді. ҰБҰ тарапынан «Абырой» қоғамы Авторлар кеңесі төрағасы Т.Төлегенов және «Айқын», «Алаш айнасы», «Қазақ Әдебиеті» гәзеттерінің, «31 канал», «СТВ» телеарналарының, «Tengri news kz» интернет порталының тілшілері қатысты. Бұл кездесуде авторлардың […]
Құқық бұзу. «Абырой» автор құқығын бұзуын қояр емес.
ҚРБ «Қазақстан авторлары қоғамы» осы қоғамның 83 мүшесінің мүлікктік құқығын 1,5 жыл бойы бұзып келе жатқан РҚБ «Абыройдың» үстінен Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына оларға тиесілі қаламақы туралы мәлімет талап етіп, арыз түсірген еді. Бұл мәселеге қатысты іс 2012 жылғы 2 тамызда А.М.Біліспаева ханымның төрағалығымен қаралды. Шағымда көрсетілген фактілерді жан-жақты талдай келіп, экономикалық сот ҚазАҚ […]
Толстой медалімен марапатталды
ҚазАҚ ұжымында жағымды жаңалық болды. Мәскеудегі «Ресей марапаттау комитеті» деп аталатын халықаралық ұйым М.Ысқақбайды «За воспитание,обучение, просвещение» медалімен марапаттады. Медальдың бетінде ұлы жазушы Л.Н.Толстой бейнеленген.
«Абырой» авторларға төлеуге міндетті!
Қазақстанда 2010 жылдан бері авторлардың мүліктік құқығын ұжымдық негізде басқарумен айналысатын «Абырой» Республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеп келеді. ҚР ӘМ-нің Зияткерлік меншік комитетінде аккредитациядан өткен бұл ұйым құқық иелерінен алған өкілеттігі жоқтығына қарамастан, отандық және шетелдік авторларға қаламақы жинап жүргеніне жылдан асты. Бірақ әлі күнге Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ) мүшелеріне ешқандай қаламақы төленген емес. Сондықтан […]
Алтын медаль тапсырылды
2012 жылғы 18 маусымда Халықаралық Баталист және маринист жазушылар қауымдастығы Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы, жазушы М.Ысқақбайға шығармашылық жетістіктері және Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарға қосқан елеулі үлесі үшін Валентин Пикуль атындағы сыйлық беріп, Алтын медалін тапсыру жөнінде шешім шығарған еді. 2012 жылғы 13 шілдеде Мәскеуден Ассоциацияның арнайы өкілі келіп, лауреаттық диплом мен Алтын медалді […]
«Павлин» рестораны сотта ұтылды
2012 жылғы 06 наурызда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» арызы бойынша РҚБ «Ән авторларының одағының» (САП) лицензиялық шартымен жұмыс істеп келген ЖК Г.Ирисметовке қарасты «Павлин» ресторанына байланысты іс қарады. ҚазАҚ-тың талап арызын қарау нәтижесінде сот жауапкер ЖК г.Ирисметовтен Қазақстан авторлары пайдасына 1 794 240 теңге өтемақы өндіріп беру туралы […]
СИЗАК өз президенті, авторлар құқығын қорғау саласының күрескері, өз дәуірінің үніне үлес қосқан Робин Гиббке құрмет көрсетуде
21/05/2012 – жексенбі күні ұзаққа созылған ауыр науқастан 62 жасында Робин Гибб қайтыс болды. Робин Гибб өзінің бауырлары Барри және Мориспен бірге британияның әйгілі өнер тобы Bee Gees вокалисі болумен бірге поп музыканың авторы ғана емес осы саланың елеулі өкілі еді. СИЗАК тың президенті қызметіндегі соңғы бес жыл көлемінде дүние жүзінің үш миллион авторының атынан, […]
Біздің жетістіктер
Бүгіндері ҚазАҚ өткен жылдың нәтижелерін қорыту үстінде. Жаңадан құрылған әртүрлі қоғамдар тарапынан туған қиындықтарға қарамастан, Қазақстан авторлары қоғамы 2010 жылы ұйымдастыру мәселесінде бірталай жетістіктерге қол жеткізді. Осы уақыт аралығында ғана жаңадан 9 кабельдік телеарна, 1 эфирлік телеарна, 1 радиоарна ҚазАҚ-пен лицензиялық келісімге қол қойды. Ал көңіл көтеру компаниялары бойынша қол жеткізген көрсеткіш те жақсы. Бұл […]