Естай ақынның қаламақысы немересіне табысталды.
Артында өшпес мұра қалдырған ақын-композитор Естай Беркінбаевтың мұрагерін іздестіру барысында бұған дейін баспасөз бетінде берілген бірнеше жарнамаға еш жауап болмаған еді. Биыл Керекулік Есімханов Қуат деген азамат арқылы Естай атамыздың сексен алты жастағы Зекен атты немере қызы бар екенін білдік. Сексен алты жастағы кейуананы сотқа сүйрелеп, мұрагерлігін рәсімдету белгілі дәрежеде қиындықтар тудыратын болғандықтан, бұл мәселені […]
Қырғызпатент» қызметкерлері Қазақстан авторлары қоғамында тәжірибесін жетілдірді
Авторлар сыйақысын бөлудегі ең соңғы техника жетістігінің бірі Швейцариядан сатып алынған«CoSiS» бағдарламасы бойынша жұмыс жасау ҚазАҚ-тың жұмысын жеделдетумен бірге Республика бойынша зияткерлік меншік саласындағы озық орнын айшықтап берген айтулы жетістік болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. 2014 жылдың 21-ші, 22-ші шілдесінде дүниежүзілік «СИЗАК» ұйымының ұсынысы бойынша «Қырғызпатент» қызметкерлері «CoSiS» бағдарламасын игеру және авторлар сыйақысын жинап, төлеудегі […]
Ұлыбританиядан ҚазАҚ-қа шақыру келді
Бұл күнде ҚазАҚ-пен әріптестік келісім-шарт жасасқан шетелдік қоғамдар саны 138-ге жетті. 16-жылдық ғұмырында Авторлық құқық қорғау саласы бойынша әлемнің осынша елімен келісім-шартқа отыруы ҚазАҚ-тың ТМД елдері арасындағы озық орнын және осы уақытқа дейінгі атқарған ісінің абыройлы көрсеткіші болса керек. 2014 жылдың 5-ші маусымында Лондон қаласында әлемнің 120 мемлекеті өкілдерінің қатысуымен ПРС қоғамының 100-жылдық мерекесіне байланысты […]
ҚазАҚ-пен әріптес шетел қоғамдарының саны артуда
ҚБ «ҚазАҚ» шетелдік әріптестермен қарым қатынасты кеңейте түсуде. Атап айтар болсақ, 2014 жылдың наурыз айында РҚБ ҚазАҚ өзара өкілдік жасау және мүдде қорғау жөнінде голландияның «БУМА/СТЕМРА» авторлық қоғамымен екі жақты тікелей Келісім-шарт жасасты. Аталған келісім-шарт РҚБ ҚазАҚ-тың шетелмен байланыс кеңістігін 3 бірдей мемлекетке ұлғайтты (Нидерланд, Аруба и Суринам).
ҚазАҚ, Қазақстандағы шығармашылық Одақтарға хат жолдады
Шығармалары халық назарына ұсынылғанымен, пайдаланушылардан жиналған сыйақыны авторға төлеуге келгенде әртүрлі мәселелер туындап жатады. Соның ең бастысы автор туралы мәліметтің зәрулігі. Екі-үш ай сайын Республикалық газеттерге, ҚазАҚ сайтына т.б. қол жетімді ақпарат құралдарына авторлар тізімін жариялап, жиналған сыйақысын алып кетулері жөнінде хабарлама беріп отырғанымыздың өзі тиісті нәтиже бермейді. Осыған байланысты ҚазАҚ, авторлармен тікелей қарым-қатынас жасап […]
ҚазАҚ Тәжікстанда болып қайтты
2014 жылғы қарашаның 11-13-ші күндері Душанбе қаласында Дүниежүзілік Зияткерлік Меншік ұйымының (WIPO) Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігімен, сондай-ақ Авторлар мен композиторлар ұйымдарының халықаралық Конфедерациясымен (CISAK) бірлесіп өткізген «Авторлық құқық және автор құқығын ұжымдық басқару» жөніндегі халықаралық семинары болды. WIPO –дан Европа және Азия елдері жөніндегі Басқарма бастығы С.Тілеулесова ханым, CISAK-тан Шығыс Европа ТМД елдері жөніндегі аумақтық […]
Қырғызпатент ризашылық білдірді
Үстіміздегі жылдың 21-22 шілдесінде халықаралық CISAC ұймының ұсынуы бойынша Қырғызпатенттің бір топ қызметкерлері CoSiS бағдарламасы арқылы автор сыйақысын бөлудің жолдарын үйреніп, жаттығу үшін ҚазАҚ-тың «Авторлар сыйақысын жинау және бөлу» басқармасында ic-тәжірибеден өткен еді. Таяуда Қырғызпатенттен ҚазАҚ қоғамына көрсеткен көмегі үшін ризашылық сезімдерін білдірген хат келіп түсті.
Қазақ және ресей авторларының құқығы қорғалды
2014 жылғы 13-ші мамырда Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында РҚБ Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ) шағымы бойынша, көпшілік алдында орындалған туындылары үшін ҚазАҚ өкілеттілік ететін, ҚазАҚ және РАО авторларының шығармасын концерт кезінде заңсыз пайдаланған «Exclusive Production Center» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ісі қаралды. Қаралған мәселелерді сарапқа сала келіп, сот ҚазАҚ-тың шағымын қанағаттандырып «Exclusive Production Center» жауапкершілігі […]
Стамбулдағы механикалық құқық күндері
РҚБ «ҚазАҚ» шетелмен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бақтыбаев 2014 ж. 26 қыркүйекте Стамбул қаласында өткен механикалық құқықтар мәселелері жөніндегі конференцияға делегат ретінде қатысты. Аталған конференцияны ВІЕМ (механикалық жазбалар мен туындыларды басқарудың халықаралық бюросы) мен CISAC ұйымдастырған болатын. Конференцияда Шығыс және Батыс Европа, сонымен бірге ТМД елдеріндегі авторлық қоғамдардың 30-дан аса өкілі бас қосты. Конференциядағы қаралған […]
Сот негізсіз шағымды құптаған жоқ
2013 жылғы 25 қарашада, 2014 жылғы 27 қаңтарда, 2014 жылғы 04 шілдеде, 2014 жылғы 03 қыркүйекте Алматы қ. Алмалы аудандық №2 сотында бірнеше автор – Б.К.Мұстапаев, А.Қ.Айтімбетов, С.Х.Усманов, А.Б.Әбдірайымовтар – РҚБ «Ән авторлары одағының» басшысы Н.М. Енжановтың адастыруымен, РҚБ ҚазАҚ мүшелігінде тұрмаса да, ҚазАҚ пен авторлар арасында жасалған келісім-шарттың заңсыздығы жөнінде шағым түсірген еді. […]