М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіндегі халықаралық ғылыми конеференция
2016 жылдың 5-ші Мамырында «Мұхаммед Хайдар Дулати» атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде халықаралық ғылыми конеференция өтті. Конференция барысында Қазақстан авторлары қоғамының Бас директоры Есенәлиев Байғали, тарих ғылымындағы жетістіктері мен Ұлы тұлғаны зерттеудегі үздік табыстары үшін—Мұхаммед Хайдар Дулати төсбелгісімен марапатталды.
Автордың қуанышы, ҚазАҚ-тың қуанышы
«Қазақстан авторлары қоғамының» көрнекті өкілі, 300-ден аса ән мәтінін жазған, қазақтың өлеңсүйер қауымына есімі етене таныс белгілі поэзия сардары Әбдірахман Асылбековты «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ» құрметті атағымен марапатталуына байланысты шын жүректен құттықтаймыз!
ЖШС «Web Content» шағымы қанағаттандырылған жоқ
2015 ж. 19-шы. қаңтарында Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, авторлар құқығын бұзғаны үшін «NS – Радио Национальная Сеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 597 280 тенге өтемақы талап еткен ЖШС «Web Content» шағымы бойынша іс қаралды. Оған үшінші жақ ретінде РҚБ ҚазАҚ өкілі қатысты. Қаралған мәселені сараптай келе ЖШС «Web Content» шағымында көрсетілген деректерді заңсыз әрі негізсіздігін анықтаған сот, шағымданушы […]
Қарыз Сот арқылы қайтты
2015 ж. 22 шілдесінде Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» (ҚазАҚ) жиналып қалған авторлық сыйақыға байланысты қарыздары жөнінде «ShamROCK» деген кафе қожайыны ЖК А.А. Тастілеуовтің үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысының қорытындысы бойынша шағымдағы көрсетілген мәселелер түгелімен расталып, жауапкер ЖК А.А. Тастілеуовтен 1 175 752 теңге қарызын […]
«Абат» авторға да абат болуы керек
2015 ж. 07 қыркүйекте Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) Республика аумағы бойынша өкілеттілік ететін шетелдік және отандық авторлардың музыкалық туындыларын заңсыз пайдаланған ЖШС «АВВАТ.KZ» қарамағындағы «Ават» деген кафенің иесі үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, «АВВАТ.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қазақстандық және шетелдік авторлардың пайдасына […]
Білім ордасы да Заңды құрметтеуге тиіс
2015 ж. 9 маусымда Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» (ҚазАҚ) өкілеттілігі өздеріне тапсырылған шетел авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған РММ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ҚазҰУ-дан шетел авторларының пайдасына 5 981 920 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды.
Қайта шағымдану нәтиже берген жоқ
2015 ж. 16 көкегінде Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) өз авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған «Верия» деген кафе қожайыны ЖК Д.Н. Идрисовтың үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Д.Н. Идрисовтан қазақстандық авторлардың пайдасына 2 795 240 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды. […]
«Бейіш бағына» да Заң қажет
2015 ж. 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) Республика аумағы бойынша өздері өкілеттілік ететін шетелдік және отандық авторлардың музыкалық туындыларын заңсыз пайдаланған ЖК Амированың қарамағындағы «Райский сад» деген кафенің иесі үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Амировадан қазақстандық және шетелдік авторлардың пайдасына […]
Музыканың да өз құны бар
2015 ж. 28 мамырда Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) өз авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған «Шашлычный Хаус» деген кафе қожайыны ЖК Велиевтің үстінен шағым түсірді. Сот отырысының қорытындысы бойынша шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Велиевтің қазақстандық авторлардың пайдасына 4 991 500 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде сырттай шешім […]
ҚазАҚ авторларды іздестіру қарқынын үдетті
Қазақстан авторлары қоғамы соңғы 2013-14 жылдар ішінде мүшелікте жоқ авторлар мен марқұм авторлардың мұрагерлерін іздестіру бойынша өте қарқынды жұмыстар атқарды. Мәселен, 2013 жылы 221 автормен шарт жасасса, оның 123 іздеуде жүрген автор болатын; 2014 жылы 316 авторды шартқа отырғызса, оның 244 іздеудегі авторлар. Биылғы 2015 жылдың қаңтар айының өзінде 66 авторды тапқан болса, оның 60-ы […]