Қоғам мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы
2023 жылдың 29 желтоқсанында «ҚазАҚ» РКБ Қоғам мүшелерінің кезектен тыс жалпы жиналысы. Өткізу жері: Алматы қ., Тимирязева 42, к10. Конференц залы. Уақыты: 14:00.
«ҚАЗАҚСТАН АВТОРЛАРЫ ҚОҒАМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЗУШЫЛАРЫ ОДАҒЫНЫҢ» ЛАУРЕАТТАРЫ АТАНДЫ
Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай Қазақстандағы Әлем Халықтары Жазушылары Одағы дүниежүзінің ақын және жазушыларын қоғамдағы жоғары жетістіктері үшін «Әлем әдебиетінің лауреаты – 2017 ӘХЖО» халықаралық ең жоғарғы әдеби сыйлығымен марапатталған лауреаттар тізімін жариялады. Олардың арасында: Олжас Сүлейменов, Марал Ысқақбай, Ахметжан Ашири, Үмбетбай Уәйдаұлы, Нәзікен Алпамысқызы, Ақылбек Шаяхмет, Байғали Есенәлиев сынды ҚазАҚ мүшелері де бар. Марапатталған […]
Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды
Қараша айының 27 күні Белгияның Брюссел қаласынан қуанышты хабар келді. Онда «Ерекше сапалы поэзиясы үшін» Қайрат Дүйсеновке «IWA BOGDANI» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗУШЫЛАР АССОЦАЦИЯСЫНЫҢ сыйлығы берілді деп жазылған. Республикалық Қоғамдық бірлестік атынан ҚазАҚ мүшесін шын жүректен құттықтаймыз!
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіндегі халықаралық ғылыми конеференция
2016 жылдың 5-ші Мамырында «Мұхаммед Хайдар Дулати» атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде халықаралық ғылыми конеференция өтті. Конференция барысында Қазақстан авторлары қоғамының Бас директоры Есенәлиев Байғали, тарих ғылымындағы жетістіктері мен Ұлы тұлғаны зерттеудегі үздік табыстары үшін—Мұхаммед Хайдар Дулати төсбелгісімен марапатталды.
Автордың қуанышы, ҚазАҚ-тың қуанышы
«Қазақстан авторлары қоғамының» көрнекті өкілі, 300-ден аса ән мәтінін жазған, қазақтың өлеңсүйер қауымына есімі етене таныс белгілі поэзия сардары Әбдірахман Асылбековты «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ» құрметті атағымен марапатталуына байланысты шын жүректен құттықтаймыз!
ЖШС «Web Content» шағымы қанағаттандырылған жоқ
2015 ж. 19-шы. қаңтарында Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, авторлар құқығын бұзғаны үшін «NS – Радио Национальная Сеть» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 597 280 тенге өтемақы талап еткен ЖШС «Web Content» шағымы бойынша іс қаралды. Оған үшінші жақ ретінде РҚБ ҚазАҚ өкілі қатысты. Қаралған мәселені сараптай келе ЖШС «Web Content» шағымында көрсетілген деректерді заңсыз әрі негізсіздігін анықтаған сот, шағымданушы […]
Қарыз Сот арқылы қайтты
2015 ж. 22 шілдесінде Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» (ҚазАҚ) жиналып қалған авторлық сыйақыға байланысты қарыздары жөнінде «ShamROCK» деген кафе қожайыны ЖК А.А. Тастілеуовтің үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысының қорытындысы бойынша шағымдағы көрсетілген мәселелер түгелімен расталып, жауапкер ЖК А.А. Тастілеуовтен 1 175 752 теңге қарызын […]
«Абат» авторға да абат болуы керек
2015 ж. 07 қыркүйекте Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) Республика аумағы бойынша өкілеттілік ететін шетелдік және отандық авторлардың музыкалық туындыларын заңсыз пайдаланған ЖШС «АВВАТ.KZ» қарамағындағы «Ават» деген кафенің иесі үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, «АВВАТ.KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қазақстандық және шетелдік авторлардың пайдасына […]
Білім ордасы да Заңды құрметтеуге тиіс
2015 ж. 9 маусымда Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» (ҚазАҚ) өкілеттілігі өздеріне тапсырылған шетел авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған РММ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ҚазҰУ-дан шетел авторларының пайдасына 5 981 920 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды.
Қайта шағымдану нәтиже берген жоқ
2015 ж. 16 көкегінде Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) өз авторларының музыкалық шығармаларын заңсыз пайдаланған «Верия» деген кафе қожайыны ЖК Д.Н. Идрисовтың үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Д.Н. Идрисовтан қазақстандық авторлардың пайдасына 2 795 240 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды. […]