2015 ж. 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына
РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамы» (ҚазАҚ) Республика аумағы бойынша өздері өкілеттілік ететін шетелдік және отандық авторлардың музыкалық туындыларын заңсыз пайдаланған ЖК Амированың қарамағындағы «Райский сад» деген кафенің иесі үстінен шағым түсірген болатын. Сот отырысында шағымдағы көрсетілген мәселелер түгел расталып, ЖК Амировадан қазақстандық және шетелдік авторлардың пайдасына 7 928 000 теңге өтемақы өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды.