2014 жылғы 13-ші мамырда Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында РҚБ Қазақстан авторлары қоғамының (ҚазАҚ) шағымы бойынша, көпшілік алдында орындалған туындылары үшін ҚазАҚ өкілеттілік ететін, ҚазАҚ және РАО авторларының шығармасын концерт кезінде заңсыз пайдаланған «Exclusive Production Center» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ісі қаралды. Қаралған мәселелерді сарапқа сала келіп, сот ҚазАҚ-тың шағымын қанағаттандырып «Exclusive Production Center» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қазақстандық және ресейлік авторлардың пайдасына 20526000 теңге өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды.