Халықаралық СИЗАК ұйымының Шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша бөлімшесінің директоры М.Чатталбашев мырза биылғы 2-3 көкек күндері Қазақстан авторлары қоғамында болып, оның жұмысы СИЗАК-тың кәсіби талаптарына қаншалықты жауап беретінін тексерген еді. Екі күн бойы әр бөлімнің жұмысымен жан-жақты танысып шыққасын, ол Қоғам жұмысына оң баға беріп, қызметкерлерге ризашылығын білдірді. Оның пікірінше, ҚазАҚ – ТМД елдері бойынша Ресейдің РАО-сынан кейінгі орындағы, ең озық нәтижеге жеткен қоғам. Тексеру бойынша жасалатын сараптаманы СИЗАК сайтына салып, көшірмесін бізге жіберетінін мәлімдеді.