2013 жылдың 18-ші сәуірінде Алматы қаласындағы ауданаралық экономикалық сотында «СОБКОР» ЖШС және «Дана 2004» кабельдік операторының берген лицензияларына қатысты РҚБ «Ән авторлары қоғамында» мүшелікте тұрған авторлардың шығармасын пайдаланғаны үшін«Қазақстан авторлары қоғамының» үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысының шығарған шешімі бойынша РҚБ «Ән авторлары қоғамының» шағымы негізсіз деп табылып, іс «Қазақстан авторлары қоғамының» пайдасына шешілді.
2013 жылдың 04-ші мамырында Алматы қ. Алмалы аудандық №2-ші сотында авторлар шығармасын қолданғаны үшін пайдаланушылардан түсетін сыйақыға қатысты мәліметке және жиналған сыйақылар жөніндегі 3-жылдық мәліметтерді талап етуі жөнінде «Қазақстан авторлары қоғамының» үстінен түсірген Н.М.Енжановтың шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысының шешімі бойынша Н.М.Енжановтың шағымы негізсіз деп табылып, іс«Қазақстан авторлары қоғамының» пайдасына шешілді.