Шығармалары халық назарына ұсынылғанымен, пайдаланушылардан жиналған сыйақыны авторға
төлеуге келгенде әртүрлі мәселелер туындап жатады. Соның ең бастысы автор туралы мәліметтің зәрулігі. Екі-үш ай сайын Республикалық газеттерге, ҚазАҚ сайтына т.б. қол жетімді ақпарат құралдарына авторлар тізімін жариялап, жиналған сыйақысын алып кетулері жөнінде хабарлама беріп отырғанымыздың өзі тиісті нәтиже бермейді.
Осыған байланысты ҚазАҚ, авторлармен тікелей қарым-қатынас жасап отырған Қазақстан жазушылары
Одағына, Қазақстан композиторлары Одағына, Қазақстан суретшілер Одағына, Қазақстан театр қайраткерлері Одағына және Қазақ радиосы мекемелеріне өздеріне мәлім авторларды табуға көмектесуі жөніндегі өтініш жазылған хаттар жіберді.