2015 ж. 22 шілдесінде Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында
РҚБ «Қазақстан авторлары қоғамының» (ҚазАҚ) жиналып қалған авторлық сыйақыға байланысты қарыздары жөнінде «ShamROCK» деген кафе қожайыны ЖК А.А. Тастілеуовтің үстінен түсірген шағымы бойынша іс қаралды. Сот отырысының қорытындысы бойынша шағымдағы көрсетілген мәселелер түгелімен расталып, жауапкер ЖК А.А. Тастілеуовтен 1 175 752 теңге қарызын ҚазАҚ-тың пайдасына өндіріп беру жөнінде шешім шығарылды.