Биылғы 6 мамырда Қазақстан авторлары қоғамында Англияның PRS қоғамының төрағасы Г.Флетчер мырзамен кездесу өткізді. Кездесуге қатысқан ұжым қызметкерлері Англиядағы авторлық құқықтың жағдайы туралы сұрақтар қойып, көптеген қызықты мәліметтер алды. Мәселен, Aнглияда авторлық құқықты қорғау 18 ғасырда басталған, ал PRS-тің құрылғанына жүз жылдай болған. Англиядағы жалғыз қоғам екен, оның 85 000 мүшесі бар көрінеді. Авторлар PRS-ке айырықша құқықтарын ғана емес, мүліктік құқықтарын да түгел тапсырып қойған, сондықтан ол қоғам авторлар атынан жұмыс істейтін құқық иеленуші саналады екен. Соның арқасында авторлардың жылдық табыстары 1 миллиард евроның үстінде. Бздің елдегі жағдайды естіген қонақ бір салада бір ғана авторлар қоғамы болуға тиіс, авторлық құқыққа антимонополиялық заң талаптары жүрмейді ғой дегенді айтып таңырқады. Бұдан тек авторлар мүддесі зардап шегеді ғой, деді ол. PRS Қазақстан авторлары қоғамының 2005 жылғы қаңтарынан бергі әріптесі. Компьютерлік КОСИС бағдарламасынан PRS авторларынна қатысты 2011 жылдың мәліметтерін шығартып танысты да, жас қоғам ҚазАҚ-тың табыстарына ризалығын білдірді.