2012 жылғы 18 маусымда Халықаралық Баталист және маринист жазушылар қауымдастығы Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы, жазушы М.Ысқақбайға шығармашылық жетістіктері және Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарға қосқан елеулі үлесі үшін Валентин Пикуль атындағы сыйлық беріп, Алтын медалін тапсыру жөнінде шешім шығарған еді. 2012 жылғы 13 шілдеде Мәскеуден Ассоциацияның арнайы өкілі келіп, лауреаттық диплом мен Алтын медалді Қоғам ұжымы мен бір топ қаламдас әріптестері алдында тапсырды