РҚБ «ҚазАҚ» сіздермен маңызды жаңалықпен бөлісуге қуанышты!
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы WIPO ұйымдастырған Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі Тұрақты комитеттің 46-сессиясы өтіп жатыр.
193 ел мен 208 байқаушы қатысып жатқан бұл халықаралық іс-шараға қатысу – біз үшін үлкен мәртебе.
Сессия авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауға қатысты маңызды жаһандық мәселелерді қамтиды.
Қазақстанның үні бұл алаңда естілуі – біз үшін үлкен мақтаныш!
